Атырау ФК ресми түрде толықтай жекеменшікке өтті
Атырау футбол клубы ресми түрде толықтай жекеменшікке өтті. Бұл қадам Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға кезең-кезеңімен беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған. Жаңа басшылық өңірдегі футболды дамытуға басымдық бермек. Алдағы уақытта балаларға арналған футбол академиясын ашу, жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атыраудағы футболдың деңгейін көтеру жоспарланып отыр. Мамандардың пікірінше, клубтың жекеменшік басқаруға өтуі қосымша инвестиция тарту мүмкіндігін арттырып, өңірдегі футболдың дамуына серпін береді.
Равиль Ашығалиев, «Атырау» футбол
клубының баспасөз хатшысы:
Атырау командасы «Судоремонтник» стадионының құрылысы аяқталғаннан кейін жергілікті өңірге оралуды жоспарлап отырмыз. Бұл тамыз айында деп жоспарлануда.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
Жауынгерлер отан алдындағы әскери борышын адал атқарды
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05
5 лауазымды тұлға қамауға алынды
25.09.2026, 15:03
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24