Медициналық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге төккендер жауапқа тартылады
Батыс Қазақстан облысында медициналық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге тастағандар жауапкершілікке тартылады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жағдай жіті бақылауда.
Қоқыс тасталған орынды құқық қорғаушылар, экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары арнайы тексеріп шықты. Полицейлер серіктестікке тиесілі аумақтан жалпы салмағы 115 келі болатын қалдықтарды анықтап, заттық дәлел ретінде хаттама толтырылды. Табиғатқа келген залал көлемін анықтау үшін мамандар топырақтан сынама алды. Сондай-ақ залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Зертханалық тексеріс нәтижесі 3-7 күн арасында шығады. Барлық материал құқықтық баға беру үшін құзырлы орындарға жолданды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10