Әлем кубогы тарихындағы үздік сұрмергендер
Көпшілік тағатсыздана күтіп отырған футболдан Әлем кубогының басталуына екі күн қалды. Биылғы доп додасы қырық күнге жалғасып, командалар 104 ойын өткізеді. Ала доп аламанының қарсаңында жаһан біріншіліктерінің ақтық сынында ең көп гол соққан сұрмергендер тізіміне тағы бір назар салсақ. Көш басында неміс құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе. Ол 4 біріншілікке қатарынан қатысып, жалпы саны 16 гол соққан. Екінші орында бразилиялық феномен Роналдо. Оның еншісінде 15 гол. Үздік үштікті Германияның тағы бір аңыз ойыншысы Герд Мюллер түйіндейді. Төртінші орынды спорт тарихындағы үздік ойыншылардың бірі Лионель Месси мен Франция сұрмергені Жюст Фонтен бөлісіп отыр. Сонымен қатар футбол королі атанған атақты Пеле мен қазіргі жасыл алаңның жұлдызы Мбаппе 12 доптан соғып, сұрмергендер қатарына енген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы