5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
Елімізде ағза трансплантациясына мұқтаж 5000-ға жуық науқас бар. Олардың басым көпшілігіне бүйрек қажет. Мамандар: «Мәйіттік донор тапшылығы әлі де өзекті. Әсіресе бүйрек жеткіліксіздігіне көбіне пиелонефрит, артериялық гипертония және қант диабеті сияқты созылмалы ауруларды уақытылы емдемеу себеп болады», - дейді. Соңғы жылдары бұл дерттің жастар арасында жиілеуі дәрігерлерді алаңдатып отыр.
31 жастағы Айжан Серікжановаға былтыр дәрігерлер бүйрек жетіспеушілігі
диагнозын қойыпты. Оң жақ бүйрегі сыр беріп, шұғыл ем қажет болған сәтте ағасы
донор болуға келіседі. Сөйтіп төрт сағатқа созылған операция сәтті өтті. Қазір
Айжанның да, оған өмір сыйлаған бауырының да жағдайы тұрақты, дейді
дәрігерлер.
Айжан Серікжанова, қала тұрғыны:
Сау адамның бүйрегі 12 сантиметр болса, менікі 8 сантиметр болып қалды жарты жылдың ішінде. Жақсымын, жүріп жүрмін. Өзім коридорда, палатада жүре аламын.
Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында күніне кем дегенде екі-үш
бүйрек трансплантациясы жасалады. Орталықта донорлық ағзаларды алу отасы
лапароскопиялық әдіспен жүргізіледі. Яғни хирургтар заманауи технологияны
пайдаланып, іш қуысына үлкен тілік жасамайды.
Ислам Мададов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлім
меңгерушісі:
47 жастағы науқасқа жасалып жатыр. 7 жыл диализде болған. Әпкесі өз бүйрегін берейін деп жатыр. Ота бір сағаттай болады. Науқастар 4-5 тәулікте үйіне жіберіледі.
Бас трансплантолог Болатбек Баймаханов елімізде бүйрек жеткіліксіздігіне
шалдыққан науқастардың басым бөлігі жастар деп отыр. Көп жағдайда олар қан
қысымын бақылауға немқұрайлы қарап, дәрігер ұсынған ем-домды тұрақты
қабылдамайды. Соның салдарынан ауру асқынып, ақырында бүйрек қызметі бұзылады дейді.
Болатбек Баймаханов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас
хирург - трансплантологы:
Негізгі 90 пайыздан астамы – тірі ағзадан алған бүйрегі. Мәйіттік донорды трансплантациясы дамымағандықтан, біз осы тірі донордан жасап жатырмыз. Жалпы, республикада 2500-ге жуық трансплантация жасалған. Туыстық донордан болғаннан кейін бұл жерге үлкен жаупкершілікпен қарау керек. Донорға ешқандай зиян келмеуі керек.
Еліміздің жетекші хирургиялық орталығында соңғы он үш жылда 800-ден аса бүйрек
трансплантациясы сәтті өткен. Осы уақытқа дейін бірде-бір күрделі асқынулар
тіркелмеген. Дәрігерлер мұны әлемдік деңгейдегі үздік нәтижелердің бірі деп
бағалап отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03