Жөндеу көрмеген Мойынқұмдағы балабақша жабылды
Жамбыл облысының ең шеткі ауданы Мойынқұмда мемлекеттің миллиондаған қаржысына бой көтерген балабақша ақыры жабылып тынды. Небәрі 12 жыл жұмыс істеген мектепке дейінгі мекеме апатты деп танылды. Сапасыз салынғандықтан «Құлыншақ» бақшасының қабырғалары қақырап, астын су басқан. Едені опырылып, төменге түсіп кетуге таяу тұр. Ал екі жыл бұрын кірпіштері құлап, балабақша жөндеуге жабылған. Содан бері есік, терезесін ұры-қары қолды қылыпты. Бүгінде 200-ге жуық бүлдіршін мен 40 қызметкер балабақшаға қайта оралғысы келеді. Өйткені олар сауда үйін жалға алып, амалдап отыр. Ал білім бөлімі жалдамалы нысан үшін айына 2 миллион теңге төлеп келеді.
Мадина Аманжол, ауыл тұрғыны:
Ана жаққа тасып, мына жаққа тасып, үйден алыстап кеттік. Балаларымызға ойнағанға ыңғайлы, барлық жағдай жасалған еді. Жөндеп берсе жақсы болар еді.
Самал Нағашыбай, балабақша меңгерушісі:
Өзіміздің ғимаратқа жете алмай арендада отырмыз қазір. Амалдың жоғынан өйткені басқа жер жоқ. Бос орын жоқ. Бала көп. Қамтылатын бала көп. Сыймайды.Аудандық білім бөлімі 150 млн теңге салынған нысан қабырғалары қолданысқа жарауы мүмкін дейді. Сондықтан қайта сараптама жасатқан. Бірақ қорытындысы жыл соңына дейін белгілі болмақ. Оң нәтиже шықса, жөндеу жүргізуге әзір.
Мәлік Мұқашов, Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы:
Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін аудан әкімдігінің балансынан алынып, облыстық білім басқармасына өтетін болады. Алдағы уақытта күрделі жөндеу, болмаса ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың игілігіне берілетін болады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12