Сенат реформаларды іске асыру мәселелерін талқылады
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы Сенаттың жұмыс жоспары талқыланып, 11 маусымдағы Палата отырысының күн тәртібі бекітілді. Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияның ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашқанын атап өтіп, Президент реформалары төңірегіне топтасуға шақырды. Сондай-ақ алдағы отырыста жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң және оған ілеспе заң жобалары қаралады. Бұдан бөлек, халықаралық келісімдерді ратификациялау, энергетика, цифрландыру, жол қозғалысы, орман және аңшылық, ара шаруашылықтарына қатысты заңдар талқыланбақ.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Басты мақсат – Тәуелсіздігімізді нығайту, мемлекеттілігімізді күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Көздеген мақсатқа жету үшін реформалардың жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл жолда ұлт болып ұйысып, елдік пен ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсету айрықша мәнге ие. Сондықтан осындай тағдыршешті сәтте Мемлекет басшысының саяси бағдарының айналасында топтасу аса маңызды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25