Басты Жаңалықтар Ет экспорты 4 есе артады

Ет экспорты 4 есе артады

Алдағы 4 жылда ет экспортын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді шаралар жалғасуда. Арнайы жұмыс тобы құрылып, саладағы өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, шешу жолдары айқындалды. Наурыз айында шаруаларды қолдауға бағытталған «Игілік» және «Береке» бағдарламалары іске қосылды. Ірі-қара басын көбейтуге, асыл тұқымды мал сатып алуға және өндірісті кеңейтуге жағдай жасалмақ. Маусым айының соңына дейін жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Жайлау» бағдарламасы қабылданады. Үш бағдарламаны жүзеге асыруға қазынадан 220 млрд теңге бөлінді. Бүгінде Қазақстанда 9,5 миллионнан астам ірі қара және 23 миллионға жуық ұсақ мал бар. Ендігі міндет санын көбейту ғана емес, сапаны жақсарту, дейді мамандар. Қазақстан Орталық және Шығыс Азия елдерінің арасында аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жетістік шетелдік инвесторлардың қызығушылығын күшейтіп, отандық ет өнімдерінің сыртқы нарыққа шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бағлан Аймырзаев, АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры:

Бұл мәртебені алғаннан кейін көптеген елді мойындап отыр. Қазір барлық ет бойынша 82 мың тонна дейміз ғой, кешенді іс-шаралар жоспар аясында оны 165 мың тоннаға 2030 жылға дейін жеткіземіз деген міндет тұр.
Бөлісу