Басты Жаңалықтар Еуразия жоғары білім көшбасшыларының форумы қайта жанданды

Еуразия жоғары білім көшбасшыларының форумы қайта жанданды

Астанада бес жылдық үзілістен кейін Еуразия жоғары білім көшбасшыларының форумы қайта жанданды. Жиынға 250-ге жуық отандық және халықаралық сарапшылар мен университет басшылары келген. «Біз қалыптастыратын болашақ» тақырыбында өтіп жатқан іс-шараның мақсаты: қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты жауап бере алатын әділетті қоғам құрудағы жоғары оқу орындарының рөлін айқындау. Форум қатысушылары экономикалық тұрақсыздық, климаттық өзгеруі мен жасанды интеллектінің білім беру саласына ықпалын талқылап жатыр. Nazarbayev University Президентінің елімізде ақылды жүйені дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Соның бірден бір дәлелі – жаңа технологияның мектептерге енгізілуі, - деді.

Вакар Ахмад, Nazarbayev University президенті, профессор:
Біз бұл алаңда бүгінгі білім саласының ең өзекті мәселелерін ортаға саламыз. Әріптестерімізбен Еуразия өңіріндегі университеттердің болашағы, жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерінің ықпалы және жоғары оқу орындарының аймақты дамытуға қалай септігін тигізетіні жайында пікір алмасамыз. Жасанды интеллектке жеке тоқталсам,  зор мүмкіндігі мен қиындығы қатар жүретін технология. Егер біз оның пайдасын көргіміз келсе, бәріміз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.
Норберт Чизмадия, геоэкономика және геосаясат әмселелерін зерттеуші /Мажарстан/:
ЭКСПО аумағында орналасқан жасанды интеллект пен озық технологияларға толық бейімделген Alem.ai орталығы – болашаққа жасалған үлкен қадам. Мен Азияның цифрлық болашағы көп жағдайда Қазақстанмен байланысты болатынына кәміл сенемін. Сіздердің елдеріңізде іргелі білім беру мен ғылымның мықты мектебі қалыптасқан.


Бөлісу