Экологтар күніне орай әр аймақта шаралар өткізілді
5 маусым – Дүниежүзілік экология күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды жобалар мен тазалық акциялары өтті. Табиғатты аялауға бағытталған бастамаларға мыңдаған адам қатысып, жасыл-желекті қорғауға өз үлестерін қосты. Өңірлерде ағаш отырғызылып, өзен-көлдердің жағалауы тазартылды. Осы саладағы білікті мамандармен өзекті форумдар да ұйымдастырылды.
Түркістан облысы
Түркістан
облысында экологтардың кәсіби
мерекесіне орай тазалық
акциясы кең көлемде аталып өтті. Шаһардың
500-ге жуық тұрғыны қолдарына құрал-сайман алып, «Парасат» саябағының аумағын
күл-қоқыстан тазартты. Белсенділер 2 тоннаға жуық қалдық шығарып, жасыл желекке
күтім көрсетті. Ал мерекелік шараның сәнін келтірген жергілікті өнерпаздар
қатысушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
Павлодар
Павлодар облысында жастардың қатысуымен «Тaza Vibe» экологиялық флешмобы өтті. Шаңғы
базасының аумағында ұйымдастырылған шараға өңірдің белсенді жастары жиналып,
жағалау аумағын қоқыстан тазартты.
Сағын
Төлеутаев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары
басқармасының басшысы:
Бірінші Ертіс жағасындағы су айдынын, тоғайды тазаладық. Одан кейін фото және видео конкурс нәтижесі болады. Соларды марапаттаймыз. Содан кейін көптеген эко ойындар болады. Бұның бәрі қазіргі мына өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті, экологиялық ағартушылықты, экологиялық білімді қалыптастыру.
Ақтау
Ал
Ақтауда экологтар мен сарапшыларды біріктірген ауқымды форум өтті. Еліміздің әр
өңірінен келген мамандар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл
технологияларды енгізу және эковолонтерлік қозғалысты дамыту жайын талқылады.
Жиында Каспий теңізінің экологиялық ахуалы мен табиғатты қорғауға қатысты
өзекті ұсыныстар да айтылды.
Әсел Балманова, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Өңіраралық бағдарлама қабылданады. Бұл ретте Каспий теңізінің ластануы, өңір туризмі дөңгелек үстелде талқыланды. Әр өңірден келген делегация мүшелері ұсыныстарын жеткізді, экономикалық мәдениетті тереңдетіп түсіндіру қажеттілігі айтылды.
Табиғатты қорғау – бір күндік науқан емес, әр адамның өмір салтына айналуы тиіс
құндылық. Өңірлерде өткен шаралар табиғатты
аялауға
деген жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетті. Мамандар экологияны сақтау
жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Телевизиялық түсірілім басталды
05.06.2026, 17:30
Өскемендегі трамвай паркін біртіндеп жаңартуда
05.06.2026, 17:27
Үздік оқыған жастар мемлекеттік қызметке конкурссыз кіре алады
05.06.2026, 17:25
Еуразия жоғары білім көшбасшыларының форумы қайта жанданды
05.06.2026, 17:22
Алматыда үздік экологтарды марапаттады
05.06.2026, 17:20
Мүгедектігі бар 6500 адам жұмыспен қамтылады
05.06.2026, 17:15
Жыл сайын 50 мыңнан аса нейрохирургиялық операция жасалады
05.06.2026, 17:12
Щучинск қаласы көшелерін су басып кетті
05.06.2026, 17:10