Әлеуметтік қолдау ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам құрып, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары соның айғағы. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартып, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына барынша жағдай жасалу көзделген.
Сәлімхан Сәбитов сал ауруына шалдыққан. Қатарластарымен тең дәрежеде мектепті аяқтап, жоғары оқу орына түскенін айтады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында елімізде тұңғыш рет мүмкігндігі шектеулі жандарға арналған автомектеп ашқан. Бүгінде жұбайы Дианамен бірге ұрпақ тәрбиелеп отыр.
Сәлімхан Сәбитов, қала тұрғыны:
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесі тұрақты түрде жетілдірілуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері жеңілдетілді. Биылғы жылдан бастап жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғайтылды. I топ үшін 200 мың, II топ 154 мың теңге, ал, III топқа жататындар 117 мың теңгеге дейін төлем алады.
Президенттің халықты қолдауға арналған бағдарламасы бойынша биыл Жамбылда 66 көпқабатты тұрғын үй құрылысына бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. Ал үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағылар саны 17 мың адамнан асады. Биыл олардың 680-і қоныс тойын тойламақ.
Ақшон Әміреева, қала тұрғыны:
Әлеуметтік саланың арқасында екінші топтағы мүгедекпін, біз 14 жыл тұрдық кезекте, алдық міне. Екі бөлмелі, жақсы үй. Арыз-шағым жоқ. Көпбалалы аналарға, мүгедектерге көңіл бөліп жатқан Президентке рахмет.
Бүгінде арнайы төлемдер мен жеңілдіктерді 2,5 миллионнан астам зейнеткер пайдаланып келеді. Сонымен қатар 630 мың көпбалалы отбасы мен 544 мың мүгедектігі бар азамат түрлі қолдауға ие. Мамандардың айтуынша салаға бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайып келеді.
Алтай Сейітов, СҚО әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, техникалық құралдар мен ымдап сөйлеу маманының, жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілді. Санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз етілді.
Ел Президентінің тапсырмасымен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жүзеге асырылып келеді. Мемлекет әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Мәселен, былтыр салаға 600 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы