Петропавлда «Green City Day» акциясы ұйымдастырылды
Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Green City Day» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар экология тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауап бергендері тәтті сыйлықтар алды.
Орталық алаңға келген тұрғындар «Таңғажайыптар алаңы» атты ойынға қатысып,
сұрақтарға жауап берді. Қағаздан жасалған «тілек ағашына» табиғатты қорғауға арналған ұсыныстарын жазды. Сонымен қатар пластик,
қағаз, шыны және металл қалдықтарын арнайы контейнерлерге дұрыс сұрыптап, жинау бойынша тапсырмалар орындады. Ұйымдастырушылар
мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттырып, өз ортасын таза ұстау мәдениетін нығайтуға
ықпал ететінін атап өтті.
Анастасия Волкова, Ақпарат және қоғамдық
даму орталығының бөлім жетекшісі:
Біздің мақсатымыз – тек іс-шаралар өткізу емес, адамдарды табиғатты қорғауға ынталандыру. Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға, табиғат байлықтарын үнемдеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16