Ядролық физика институтының Астана филиалына 20 жыл
Ядролық физика институтының Астана филиалына 20 жыл. Осы ретте, елордада Біріккен ядролық зерттеулер институтының күндері өтті. Оған әлемнің 7 елінен 140-қа жуық ғалым қатысты. Пленарлық сессияда Қазақстан мен Біріккен Ядролық Зерттеулер институты арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағы талқыланды. Бүгінде Астана филиалы еліміздің атом ғылымының маңызды орталықтарының біріне айналып, ғылыми кадрлар даярлау мен қолданбалы зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Ал ДЦ-60 үдеткіш кешені ядролық физика, радиациялық материал және ион-сәулелік технологиялар саласындағы негізгі ғылыми қондырғылардың бірі саналады.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
Міне осы 20 жыл ішінде еліміздің Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қазір тек қана біз іргелі зерттеулер емес,
қолданбалы зерттеулер емес, сонымен қатар өнім де шығарып жатырмыз. Алғаш 10
адамнан құралған филиалда қазірде 67 адам жұмыс істеп жатыр. Ал оның 40
пайызының ғылыми атақтары бар.
Григорий Трубников, БЯЗИ директоры, академик:
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Біріккен ядролық
зерттеулер институтының толыққанды мүшесі. Осы уақыт ішінде біздің институтта
Қазақстаннан келген жүздеген маман тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.
Бүгін тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және экология салаларында ядролық
технологияны дамыту бағыттарын талқылады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15