Екі өнер ордасына жыл соңына дейін «Ұлттық» мәртебе берілуі мүмкін
Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен Максим Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрына «Ұлттық» мәртебе қазан-қараша айында берілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі сала мамандарымен кездесуінде мәлімдеді. Айбек Сыдықовтың айтуынша, Президент Жарлыққа қол қойған соң екі өнер одасында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 75 пайызға өседі. Сонымен бірге, ұйымның шығармашылық деңгейін түбегейлі өзгертіп, халықаралық деңгейде танымалдылығын арттыруға әсер етпек. Бұдан бөлек, жиында инклюзивті театрларды қолдау, кәсіби бишілерге зейнетке шыққан соң берілетін қосымша жәрдемақы тағайындау тәртібін өзгерту туралы ұсыныстар айтылды.
Айболат Жаудыр, «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры:
Осы екі мекемеге «Ұлттық» статус берілуі бұл біздің өнерімізге деген үлкен құрмет деп білеміз. Бұл – үлкен жауапкершілік деп білеміз. Астананың абыройының үлкен биікке көтерілуі деп білеміз. Сондықтан, біз осы «Ұлттық» мәртебені беруге атсалысқан азаматтарға үлкен-үлкен қуанышпен алғысымызды білдіреміз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03