Көлсайда аспалы жол салынады
Көлсайда аспалы жол салынады. Жалпы құны 15 миллиард теңге болатын жоба Төменгі және Орта Көлсай көлдерін байланыстырады. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын туристік нысанның құрылысы биыл басталып, 2028 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған. Аспалы жол бағыты Көлсай маңында салынып жатқан 500-ден аса көлікке арналған автотұрақтан басталады. Құрылыс жұмыстары арнайы технологиялар арқылы жүргізіліп, ағаш кесу қарастырылмаған. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің мәліметінше, өткен жылы паркке 600 мың адам келген. Оның 128 мыңы – шетелдік туристер. Жаңа нысан өңірдің туристік әлеуетін арттырып, келушілер санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Нұрым Ноянбаев, жоба жетекшісі:
Заманауи, қазіргі замандағы Кеген ауданындағы алғашқы аспалы жол. Екінші Көлсайға дейін жол салмаймыз. Бұл жерде лебедкалар арқылы тартса табиғатқа көп зиянын тигізбейді. Жақында жер мәселесі шешіліп, геологиялық зерттеу жұмыстарын бастап жатырмыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10