Оқушылар ЖИ негізінде тың жобалар ұсынды
Жасанды интеллект, робототехника және цифрлық технологиялар бағытындағы оқушылардың үздік жобалары Алматыда таныстырылды. Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай өткен ІІ Жас зерттеушілер форумына еліміздің 13 өңірінен келген 400-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Жас зерттеушілер ғылым мен технологияның түрлі саласына арналған инновациялық әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі – 8-сынып оқушысы Қымбат Бауыржан әзірлеген «Ақылды ауыл» жобасы. Автордың айтуынша, жоба жасанды интеллект пен мобильді технологияларды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығындағы қауіпсіздік пен автоматтандыру мәселелерін шешуге бағытталған. Форум аясында академиктерге дипломдар табысталып, саланы дамытуға үлес қосқан ғалымдар марапатталды. Сонымен қатар үздік ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстардың авторлары арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.
Қымбат Бауыржан, зерттеуші:
Қазіргі таңда ауылшаруашылығында көптеген мәселелелер бар. Мысалы қауіпсіздік жүйесінің әлсіздігі, соны дұрыс пайдаланбау, техникамен автоматтандырудың аз болуы. Біз осы мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект, телефон технологияларын пайдалана отырып «Ақылы ауыл» моделін жасадық. Қауіпсіз әрі тиімді ету үшін бірнеше ақылды жүйелерді біріктіріп, ақылды ауылдық моделін құрастыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы