Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
1997 жылдан бері 31 мамыр елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні... Деректер бойынша, саяси қуғын, ұжымдастыру, ашаршылық сияқты зұлматтардың салдарынан 2 миллионға жуық қазақ көз жұмды... 100 мың адам «халық жауы» деп танылып, түрмелерге қамалып, «итжеккенге» айдалды. 25 мың адам атылды...
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады. Цитата келтіремін:
«Құрметті отандастар, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірінші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз. Оларды жадымызда сақтау, заңдылық қағидаты мен әділдік құндылықтарына адал болу – біздің қастерлі борышымыз. Қазақстанда барша азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау үшін жүйелі түрде жағдай жасалып жатыр. Мемлекетіміздің осы міндеті 15 наурыздағы жалпыұлттық референдум кезінде қабылданған Конституцияда заң жүзінде бекітілді».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы