Сенат пен Ұлттық банктің бірлескен оқыту курсы басталды
Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына арналған бірлескен білім беру курсы басталды. Семинардың ашылуында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды. Төрт апталық практикумға сарапшылар, экономистер, журналистер және Taldau мектебінің түлектері қатысып жатыр. Биыл тыңдаушылар саны 80 адамға дейін артып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген. Курс барысында қатысушылар макроэкономика негіздерін, инфляциялық таргет тетіктерін, ақша-кредит және фискалдық саясаттың өзара байланысын жан-жақты зерделейді. Бағдарламаға алғаш рет экономикалық талдауда жасанды интеллектіні пайдалану тақырыбы енгізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама сарапшылардың талдау қабілетін арттырып, экономикалық шешімдерді қабылдау үдерісін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы