Балалар уәкілдері жабық мекемелерге кедергісіз кіре алады
Елімізде бала құқықтарын қорғау күшейтіледі. Енді омбудсмендер балалар бар барлық ұйымға, соның ішінде жабық мекемелерге де кедергісіз кіру құқығына ие болды. Жаңа шара кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг және зорлық-зомбылық жағдайларында жедел әрекет ету үшін жасалып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова айтты. Оның сөзінше, қазір еліміздің барлық аймағында психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Былтыр ол жерге 28 мың бала кәсіби көмек сұрап жүгінген.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер институты буллинг, зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездік көрсету жағдайларында басқа құрылымдардан тәуелсіз әрі жедел әрекет ететін тиімді тетік. Әрбір келеңсіз жағдай уәкілдердің жеке бақылауында болады және бұл барлық мемлекеттік органның қызметін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Биыл балаларға Ұлттық қордан $900 млн-нан астам қаражат аударылды
Балаларға қамқорлықтың тағы бір
тетігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы. Биыл жоба аясында балалардың жеке
шоттарына 900 млн доллар аударылды. Қазір елімізде 6 млн 900 мыңнан астам бала
бар. Соңғы он жылда жасөспірімдер саны 1,5 миллионға өскен. Демографиялық өсімге
байланысты мемлекет балаларды қаржылай қолдау шараларын күшейтіп отыр. Мәселен, бағдарлама іске қосылған 2024 жылы әр балаға шамамен 100 АҚШ доллары берілген
еді. Биыл бұл сома 130 долларға жетті. Жоба балаларға кәмелет жасына толғанда
сапалы білім алуға, мамандық меңгеруге және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік
береді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
29.05.2026, 20:55
Ретро көліктер көрмесі өтті
29.05.2026, 20:54
Астаналық полицейлер 7 жасар баланы қуантты
29.05.2026, 20:52
Мал соямыз деп 13 мың адам жараланды
29.05.2026, 20:51
БҚО-да жылу, су, электр желілері жаңартылып жатыр
29.05.2026, 20:21
Конституция – ел дамуын оңтайландыратын құжат
29.05.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
29.05.2026, 20:17
Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
29.05.2026, 20:16