Қызылжарда «Robobalapan 2026» байқауы өтті
Роботтардың көмегімен көмір өндіруге болады. Петропавлда өткен республикалық робототехника байқауында қарағандылық балабақша тәрбиеленушілері осындай жоба ұсынды. «Robobalapan» сайысы жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл байқау тақырыбы көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, пайдалы қазбаларды өндіру салаларына арналды. Біздің мақсатымыз – робототехника арқылы балалардың ғылым мен инновация саласына деген қызығушылығын ояту, дейді ұйымдастырушылар. Ақтық кезеңде арнайы іріктеуден өткен 60 адам қатысты. 4-6 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналары қазылар алқасының назарына өздері әзірлеген 12 жоба ұсынды.
Жандос Әбікеев,
сайысқа қатысушы:
Мысалы, ашық түрде жер бетінен алынса, бұл арнайы лифт арқылы жердің астынан өндірілетін көмірдің макеті. Бұл жарыстың алдында Қарағанды қаласында да жарыс өткіздік. Дегенмен 2-3 ай уақыт кетті бұл шахталарды дайындауға.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16