Жаңа Конституция – сапалы білім кепілі
Қазақстанда әр азамат тегін білім алуға құқылы. Бұл еліміздің басты заңы – Конституцияда айшықталған.
Маңызды құжатта білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет тегін орта білім алуға кепілдік береді және ғылым мен білімді дамытуға қолдау жасайды. 15 наурызда өткен референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияда ғылым мен инновацияны дамыту мәселелері де қамтылған. Сонымен қатар, педагогтердің мәртебесін көтеру мен олардың еңбегін қолдау да басты назарға алынған. Мемлекет білім беру жүйесін заман талабына сай жаңартып, оқушылар мен студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Бұл өзгерістер елдегі білім сапасын арттырып, болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады, дейді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева.
Ғылымды жаңарту керек. Студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға, мемлекет жаңа мүмкіндіктер береді. Адами капиталды дамыту үшін ЖИ-мен ерекше жұмыс жасау керек. Адами капитал ол – адамның ғылымы, білімі ерекше, оның зияткерлік дамуы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы