Қазақстан – Ресей: Президенттер келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинмен шағын құрамды келіссөздер жүргізді.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бұл сапардың елдеріміз арасындағы
стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні зор
екеніне тоқталды. Ал Владимир Путин Мемлекет басшысына шақырған үшін алғысын
айтып, бүгін жемісті жұмыс атқаратымызға сенемін деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Құрметті Владимир Владимирович, елордаға қош келдіңіз! Бұл сапардың елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні зор. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де айрықша мәнге ие деп ойлаймын. Осы орайда екі мәселені ерекше атап өткім келеді. Біріншісі, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме. Екіншісі, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты келісімге қол қою. Осы жобаға қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ең әуелі шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Былтыр бізге мемлекеттік сапармен келгеніңізге қуандық. Сол кезде ғасырлар бойы, соның ішінде бір мемлекет аясында қалыптасқан халықтарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді кеңейту бағытында тағы да алға қарай қадам жасадық. Бүгін де жемісті жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация
мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды. Тараптар жаңа жобаларды
жүзеге асыруға және байланыстарды тереңдетуге уағдаласты. Ресми деректерге
сүйенсек, Ресей – Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бірі.
Қазіргі таңда жалпы құны 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жоба жүзеге
асырылып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуразиялық логистикалық хаб құрылысы басталды
28.05.2026, 20:48
Иранда бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр
28.05.2026, 20:46
Мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды
28.05.2026, 20:44
Жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар көбейеді
28.05.2026, 20:42
Экологиялық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
28.05.2026, 20:41
Соңғы 5 жылда Транскаспий көлік бағытындағы жүк тасымалы 6 есе артқан
28.05.2026, 20:11
ЕАЭО ЖИ мен цифрлық технологияларды енгізуді көздейді
28.05.2026, 20:09
Президенттер Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр
28.05.2026, 20:07