Тәуелсіздік сарайында Ресей президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Одан кейін екі ел басшылары шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Құрметті
Владимир Владимирович, елордаға қош келдіңіз! Бұл сапардың елдеріміз арасындағы
стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні
зор. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз
етуде де айрықша мәнге ие деп ойлаймын. Осы орайда екі мәселені ерекше атап
өткім келеді. Біріншісі, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен
одақтастық қатынастардың жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме. Екіншісі, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына
қатысты келісімге қол қою. Осы жобаға қолдау көрсеткеніңіз үшін
Сізге ризашылығымды білдіремін.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ең әуелі шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Былтыр бізге мемлекеттік сапармен келгеніңізге қуандық. Сол кезде ғасырлар бойы, соның ішінде бір мемлекет аясында қалыптасқан халықтарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді кеңейту бағытында тағы да алға қарай қадам жасадық. Бүгін де жемісті жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында сурет байқауы өтті
28.05.2026, 13:22
Jastar X диалог алаңында жаңа конституция мен жастардың рөлі талқыланды
28.05.2026, 13:20
«Антиконтрафакт-2026»: Зияткерлік меншік заңмен қорғалады
28.05.2026, 13:12
ЕАЭО: Шекара ашылды – сауда еселенді
28.05.2026, 13:09
Абай облысы Ресеймен сауда-саттықты нығайтуда
28.05.2026, 13:06
Қостанай облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келеді
28.05.2026, 13:03
Елордалық мектепте ауқымды фестиваль өтті
28.05.2026, 11:26
Петропавлда 400 -ге жуық жұмыс орны ашылады
28.05.2026, 10:18