Басты Жаңалықтар Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді

Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді

Соңғы бес жылда қазақстандық университеттердің әлемдік деңгейдегі позициялары тұрақты өсіп келеді. Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, қазір QS рейтингіне еліміздің 27 жоғары оқу орны енген. Оның бірқатары топ-300-діктің қатарында. Тағы бірнешеуі топ-500 және топ-200-дікке кірген. Үздік нәтижелердің бірі – Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоғары оқу орны 163-ші орында тұр. Сондай-ақ алғаш рет қазақстандық бес жоғары оқу орны Times Higher Education рейтингінде әлемнің үздік 300-400 университеттер тобына ұсынылған. Саясат Нұрбек отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыру және оларды халықаралық рейтингтерде ілгерілету бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қазір биылғы нәтижелерді күтіп отырмыз. Жаңартылған халықаралық рейтинг жақын арада жарияланады. Менің пайымымша, біз қазіргі көрсеткіштерді жақсартамыз. Яғни жоғары оқу орындары QS-те бірнеше саты жоғарылайды, деп үміттенеміз. Жалпы, мұндай халықаралық бағалаулар мен рейтингтер жоғары білім беру жүйесінің дамуын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Бөлісу