Президент МАГАТЭ бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастығы және ядролық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Президент еліміз агенттікпен ұзақ жылдар бойы серіктестік орнатқанын айтты. Сондай-ақ МАГАТЭ-мен 2036 жылға дейінгі ынтымақтастық жол картасына және ядролық медицина мен ғылымды дамытуға қатысты құжаттарға қол қойылғанын құптады. Рафаэль Гросси Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар елімізде АЭС салу бойынша өткен референдумның нәтижесінде атом энергиясын дамыту бағдарламасының іске асырыла бастауымен құттықтады. Президент Қазақстан халықаралық келісім болған жағдайда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуге атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Кездесу соңында Рафаэль Гросси Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің 2023 жылы сәуір айында Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз өзара байланыстарды дамытуға тың серпін берді. Ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесіне қатысты ұстанымымыз ұқсас деп ойлаймын. Дегенмен әлемде аса күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл жаһандық проблеманы шешу жолдарын іздеуде күш біріктіруді талап етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы