Басты Жаңалықтар Қызылжарда логистикалық хаб ашылады

Қызылжарда логистикалық хаб ашылады

Петропавл халықаралық әуежайы маңында жаңа логистикалық орталық салынбақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының көлік және транзит саласын дамыту, сондай-ақ заманауи авиациялық хабтар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында қолға алынды. Жоба аясында қойма жүйесін кеңейту, тауарларды өңдеу сапасын арттыру, экспорттық бағыттарды дамыту және халықаралық жүк тасымалын жетілдіру көзделіп отыр. Ресей Федерациясының көршілес өңірлері жаңа аймақта мультимодальды және логистикалық орталықтар ашуға мүмкіндік алады. Осы арқылы Орталық Азия мен Қытай бағытындағы импорт көлемі артып, өңірдегі сауда-экономикалық байланыс нығая түспек. Сонымен қатар жаңа жоба Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық әлеуетін арттырып, инвестицияны көбейтуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға және өңірдің транзиттік мүмкіндіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Абыл Кекілбаев, Қызылжар халықаралық әуежайы директорының м.а.:
Бұл - СҚО үшін стратегиялық маңызы жоғары жоба. Өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымдық дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Әуе ғана емес, автомобиль және теміржол тасымалдарын біріктіретін заманауи мультимодальды логистикалық хаб қалыптастыру туралы айтып отырмыз.


Бөлісу