Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Ол Президентке Палатаның конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жайлы мәлімет берді. Ерлан Қошановтың айтуынша, Парламент жаңа Ата заң нормаларын іске асыруға арналған 7 конституциялық заң қабылдаған. Олардың қатарында «Президент», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі», «Қазақстан Халық Кеңесі», «Астананың мәртебесі» және «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» заңдар бар. Сондай-ақ сессия басталғалы Мәжіліс 89 заң қабылдап, Сенатқа жолданған. Атап айтсақ, Құрылыс және Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект, банк қызметі, ғылым, педагог мәртебесі және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты құжаттар қамтылған. Қазір депутаттар қарауында Рақымшылық жариялау, жол қозғалысын цифрландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация, машина жасау және техникалық білім беру мәселелері сынды 80 заң жобасы бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы