Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты іс сотқа жетті
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша алғашқы сот отырысы 28 мамырда өтеді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Сот отырысы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Еске сала кетейік, жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03