Президент мәдениет саласының үздіктерін марапаттады
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықттап, үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президент бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталып, мәдениет
халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігін арқау еткен сала деді. Мәдени
және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болатынын
да еске салды. Сондықтан осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келе жатқан
сала қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қазақ өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың
қадірін білетін жұрт екенін де айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Бүгін мен кәсіби мереке күні еліміздегі барша мәдениет және өнер саласы мамандарына шынайы алғысымды білдіремін. Біз ерекше дарын иелеріне әрдайым лайықты құрмет көрсетеміз. Жұртымыз «өнердің өрісі кең» деп сіздерді қашанда қадірлеген. Міне, бүгінгі жиын да соның бір көрінісі. Шын мәнінде руханияты бай елдің ойы озық, болашағы жарқын болады.
Ләззат Сағындықова, «Алматы қаласы
музейлер бірлестігі» КМҚК директоры:
Осындай еңбегімізді елеп жатқан Президентімізге алғысымыз шексіз! Бұл марапат – мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта да өнерімізді дамыту жолында қажырлы еңбек етіп, бар күш-жігерімді салуға тырысатын боламын. Көңіл-күй тамаша! Ақордаға келіп, ең алғашқы мемлекеттік марапатымды алу – мен үшін үлкен мәртебе. Барша әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын!
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03