Алматыда LRT құрылысы басталады
Биыл Алматыда LRT-нің құрылысы басталуы мүмкін. Қазір, жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме толық әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. LRT желісінің ұзындығы 18 шақырымнан асады. Бағыт қаланың батысы мен шығыс бөлігін байланыстырады. Жеңіл рельсті көлік Төле би көшесімен, Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін барады. Сонымен қатар, Момышұлы көшесі арқылы Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін қатынайды. КСМ: Қалалық жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, Алматыдағы LRT жер үстімен жүреді. Яғни, Астанадағыдай эстакада түрінде салынбайды. Айта кетейік, Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесін енгізу мәселесі шамамен 10 жыл бұрын көтерілген еді. Сол кезде трамвай жолдарының тозуына байланысты трамвай қозғалысы толық тоқтатылған. Ал биыл наурыз айында Мемлекет басшысы Алматы әкіміне қаладағы LRT жүйесін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы