Басты Жаңалықтар Былтыр туризм саласына 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды

Былтыр туризм саласына 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды

Былтыр елімізге шетелден 16 миллилонға жуық турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 400 мыңға көп. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт министрлігінің өкілі ішкі туризмде де оң динамика барын айтты. Былтыр 8 жарым миллион қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Соның арқасында қонақ үйлер мен демалыс базалары 350 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Сонымен бірге, ведомство өкілі 2025 жылы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 200 млн теңгеге жеткенін мәлімдеді. Аталған көрсеткіш былтырға қарағанда 32 пайыз көп. Бұдан бөлек, министрлік жазғы туристік маусымға дайын екенін жеткізді. Жауапты органдар 8 негізгі туристік аймаққа тексеру жүргізгенін және олқылықтардың түзетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде ел тұрғындары үшін ең танымал бағыттарға арзан рейс ұйымдастырылады, дейді. Субсидиялаудың нәтижесінде Астана мен Алматыдан Балқашқа, Үржарға, Үшаралға қатынайтын рейстерге төмендетілген тарифтер бекітілген. Бағасы 16 мың мен 20 мың теңге аралығында болмақ.


Бөлісу