Басты Жаңалықтар ҰБТ: 41 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

ҰБТ: 41 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Бір аптаның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 41 мыңнан астам талапкер қатысып, бағын сынады. Олардың 67%-ы сынақты қазақ, 33%-ы орыс және 103-і ағылшын тілінде тапсырды. Тест тапсырғандардың 57%-ы шекті балл жинады. Еліміз бойынша орташа балл 58. Ең жоғары нәтиже – 138 балл. Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері тестілеу барысында 86 ереже бұзу дерегі анықталғанын мәлімдеді. 46 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 40 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған.

Айта кетейік, биыл 240 мыңға жуық талапкер білім сынағын тапсыруға өтінім берген. Олар мемлекеттік грант жеңіп алу үшін қалауына қарай екінші рет тест тапсырса болады.

Бөлісу