Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
Францияның мәдени мұра саласындағы жетекші сарапшылары Қазақстанға арнайы іссапармен келді. Француз делегациясы Алматыдағы музейлер мен мәдени мекемелердің жұмысымен танысып, отандық мамандармен тәжірибе алмасты. Француз сарапшылары Қазақстан музейлерінің қор сақтау, реставрациялау, цифрландыру және келушілермен жұмыс істеу тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты. Бұл делегация Астанада өтетін Франция–Қазақстан музейлерінің ІІ форумына қатысады. Форум аясында саладағы заманауи технологиялар, 3D-цифрландыру және халықаралық музей менеджменті мәселелері талқыланады.
Альбер Наим, France Museums компаниясының менеджері:
Бұл – менің Алматыға екінші рет келуім. Қазақстан музейлерінің әлеуеті өте жоғары, қорларында бірегей жәдігерлер сақталған. Біз үшін маңыздысы – екі ел арасындағы мәдени байланысты жаңа деңгейге көтеру. Алдағы уақытта қазақстандық музей мамандарының Франция мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, музейлерді заманауи талапқа сай дамыту, шетелдік туристерді көбірек тарту және жаңа басқару тәсілдерін енгізу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10