Астанада жол тәртібін қадағалау күшейді
Күніне жүздеген көлік заңсыз орындарға қойылып, салдары оқыс жағдайлар мен қайғылы оқиғаларға әкеп соғып жатады. Жаяу жүргіншілердің, жалпы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қалалық прокуратурасы мен Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы арнайы акцияны бастады. Науқан жайлы тілші бейнематериалы.
Елордада заңды белшесінен басып, ережені елемейтін жүргізушілермен осылай күресуге тура келіп отыр. Астана қалалық әкімдігіне қарайтын Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы мамандарының айтуынша, күніне жүзге жуық адам көлігін заңсыз орындарға қойып кетеді.
Зархан Ержігітұлы, қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының маманы:
Күніне орта есеппен бір көліктің өзі жүз көліктей түсіреді. Біздің белгіленген бағдарымыз бар. Сол бағдарды аралап жүріп отырып, бейнебақылау камерасы өзі түсіріп, сақтап отырады.
Мақсат – айыппұл салып, халықтың қалтасын қағу емес, дейді мамандар. Тек
жүргізушілер жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаса деген үміт
бар. Көпшіліктің есінде жуырда елордадағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып,
қақпа алдына заңсыз қойылған көлік кесірінен өрт сөндірушілер апат аумағына дер
кезінде кіре алмаған еді. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қалалық
прокуратура өкілдері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында игі науқанды қолға алды.
Ақжол Сәтілдә, қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының
прокуроры:
Қазіргі таңда Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы және таксопарктердің бірігуімен «Заң мен тәртіп» қағидатының логотипін визуалды үйлестіру жүргізіліп жатыр, бұл дегеніміз «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында осындай жол бұзушылықтардың санын азайту - мақсатымыз.
Науқан жалғасады. Ұйымдастырушылар ай сайын 100 мың адамды қамтуды көздеп отыр.
Дәлірек айтсақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндірме жұмыстары
жүргізілмек.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03