Басты Жаңалықтар Ревматология саласы цифрлық жүйеге көшіп жатыр

Ревматология саласы цифрлық жүйеге көшіп жатыр

Ревматоидты артритке шалдыққан науқастардың бірыңғай цифрлық тізілімін енгізу аса маңызды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе пациенттердің жағдайын бақылап, ем нәтижесін нақты уақыт режимінде бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клиникалық тәжірибеге жаңа буын препараттары енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан ревматологтарының IX Конгресінде айтылды. Халықаралық жиынға әлемнің 15-тен аса елінен жетекші ғалымдар, дәрігерлер мен жас зерттеушілер қатысты. Форумда ынтымақты дамыту, ғылыми тәжірибе алмасу және жас мамандарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басшылығы цифрлық технологиялар мен молекулалық-генетикалық зерттеулер жүйелік ауруларды емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті. Ал форум аясында жас ревматологтарға арналған арнайы секция ұйымдастырылып, олар халықаралық сарапшыларға өз зерттеулерін таныстырды.

Ғалымжан Тоғызбаев, ДСМ штаттан тыс бас ревматологы:

Жас мамандарды Сингапур, Жапония, Корея тағы да басқа мемлекеттік әріптестермен таныстырып, ары қарай солармен жоба құрып, халықаралық мамандармен тығыз байланыста жұмыс атқарып жатырмыз. Жастарға осындай үлкен мүмкіндік беріп жатырмыз.


Бөлісу