СҚО топографиялық картасы дайын болды
Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің топографиялық картасы әзірленді. Оған 34 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілді. Олардың қатарында республикалық маңызы бар киелі нысандарға жататын Қарасай мен Ағынтай мемориалдық кешені, «Абылайдың резиденциясы» музейі, Ботай қонысы, Қожаберген жырау, Құлсары батыр, Ноғайбай би, Ақан сері кесенелері және Уәлихановтар әулетінің қонысы бар. Сонымен қатар топографиялық картадан мемориалдық кешендер, музейлер, мешіттер, шіркеулер және батырлардың кесенелерін көруге болады. Жоба авторы – белгілі тарихшы, зерттеуші, шежіреші және картограф Ғизат Табулдин. Қасиетті нысандар картасы аймақтың тарихын тереңірек танып-білуге жол ашады. Бұдан бөлек, бұл жоба ғылыми ізденіс жүргізушілер мен саяхатшыларға қажетті мәлімет ұсынатын құнды дереккөзге айналмақ.
Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік архивінің директоры:
Шет елдерден, соның ішінде РФ, Монғолия мемлекетінен 2 мыңнан астам картаралар базасынан жасалынған. 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында анықталған елді мекендердің сол күйінде, қазақи атаулары белгіленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы