Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
Елде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсететін арнайы кабинеттері жұмысын бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, мақсат – балаларға психологиялық, медициналық және құқықтық көмекті бір орталықтан, жедел әрі қауіпсіз түрде көрсету. Көмек кабинеттері мемлекеттік ұйымдар базасында немесе жеке заңды тұлға ретінде жұмыс істей алады. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Көмек тәулік бойы және тегін көрсетіледі. Кабинеттерге туғаннан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Қабылдау үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі қажет. Алайда егер ата-ананың әрекеті баланың мүддесіне қайшы деп танылса, қамқоршылық органдарының шешімі негізге алынады. Ережеге сәйкес, әрбір баланың жеке деректерінің құпия сақталуына кепілдік беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы