Grand Slam: Қазақстан дзюдошылары 2 медаль жеңіп алды
Иә бүгін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің бірінші күні. Отандастарымыз 2 жүлде жеңіп алды. Біреуі - күміс, екіншісі - қола медаль. Байрақты бәсекенің ортасында жүрген әріптесіміз Асылбек Данияр дода жайында тарқатып айтады.
Асылбек Данияр, тілші:
Grand Slam турнирінің алғашқы күні бәсекелестікке толы болды. Ерлер 60, 66 әйелдер 48, 52, 57 келі салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады. Барлығы 20 татами шебері ел намысын қорғады. Оның тек алтауы ғана жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жарыстың басты фавориті саналған Ғұсман Қырғызбаев ширек финалдан әрі аса алмады. Жұбаныш белдесуінде ресейлік балуанға жол берді. Жеңіл салмақта қола жүлде үшін Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов күресуі керек болған. Алайда Мағжан жарақат алуына байланысты татамиге шықпады. Жеңіс Шерзодқа бұйырды.
Дәл осы салмақта алтын медальді Талғат Орынбасар мен моңғол балуаны Сухбат Биамбасурен сарапқа салды. Отандасымыз қателік жіберіп, өзі жасаған әдіске түсіп қалып күміс жүлдеге ие болды. Бұл Талғаттың дәл осы турнирдегі екінші күмісі.
Асылбек Данияр, тілші:
Қыздардан 57 келіде жұбаныш финалында белдескен Меруерт Сәрсенова жарысты 5-орынмен аяқтады. Ол ресейлік дзюдошыдан айласын асыра алмады. Ерлерден 66 келідегі Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатхановтың да нәтижесі дәл осындай. Әлемнің 36 елінен келген спортшылар 10 мамырға дейін бәсекеге түседі. Ұлттық құрама спортшыларына бірге жанкүйер болайық.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайда өтіп жатқан бокстан әлем кубогінде жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетуде
15.06.2026, 13:24
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының ресми мүшесі атанды
15.06.2026, 13:21
«Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» фестивалі қорытындыланды
15.06.2026, 13:18
Женевада «Үлкен жетілік» саммитіне қарсы шеру өтті
15.06.2026, 13:15
Иран – АҚШ: Жұма күні соғыс тоқтауы мүмкін
15.06.2026, 13:12
Қызылордада студенттер мен оқушылар флешмоб ұйымдастырды
15.06.2026, 13:06
Ақтөбелік полицейлер жол қозғалысын дронмен бақылауға көшті
15.06.2026, 13:03
Ипотекалық несиелердің 85%-ы мемлекеттік бағдарламалармен рәсімделген
15.06.2026, 13:00