Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
Ұлттық ұланның оркестрі Астана аспанын әнге бөледі. Отан қорғаушы күніне орай Есіл өзенінің жағалауында салтанатты шеруі өтті. Аспаптардың үні мен саптық қадамның үйлесімі елордалықтарды күнделікті қарбаластан бір сәт арылтып, мерекелік рухты сезіндірді.
Елорданың оң жағалауында ерекше атмосфера. Мерекелік көңіл күйдің демеушісі – әскерилерден құралған орекстр. Үрмелі аспаптардың қуатты үні мен патриоттық компазициялар серуендеп жүрген тұрғындарды баурап алды.
Ұлттық ұланның бұл көрсетілімі Отан қорғаушы күніне арнайы дайындалған. Бұл жаңа бағдарлама Guard Next деп аталады. «Үлгілі-көрсетілімді» оркестрі әлемдік хиттер мен отандық туындыларды заманауи форматта ұсынды.
Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының кеңесші:
Бұл оркестрдың тарихы өте терең, былтыр ғана 60 жасқа толған оркестр. Бүгінгі таңда Ұлттық ұландағы басты оркестр болып есептеледі. Бұл оркестрдің құрамында мәдениет қайраткерлері, еңбек сіңірген қайраткерлер бар, Құрмет орденінің иегерлері бар. Сондықтан бұл музыканттарымыздың кәсіби деңгейі жоғары.
Өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған патриоттық шаралар мұнымен шектелмейді.
Балмира Исманқұлова, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы:
Мерекелік концерттер әрі қарай жалғасады. Мамырдың 7,8,9 күндері қалалық алаңдарда және Арбатта мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні аясында біз тыл еңбеккерлерін, ардагерлерді құттықтап жатырмыз. Мамырдың 7,8 күндері гүл қою рәсімі өтеді.
Музыка мен патриотизм ұштасқан бұл кеш мамыр айының мерекелік марафонын бастап берді. Алдағы күндері де қала тұрғындары мен қонақтарын рухты көтеретін мәдени шаралар мен салтанатты жиындар күтіп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы