Қазақстан армиясы цифрлық жүйеге көшіп жатыр
Қазақстан армиясында цифрландыру қарқынды дамып келеді. Қазір әскери саланың ішкі процестері кезең-кезеңімен электронды форматқа көшіріліп жатыр. Былтыр іске қосылған «Сарбаз+» жобасы арқылы әскерге шақырылған азаматтар қай өңірде, қай бөлімде қызмет өтейтінін алдын ала біле алады. Ал биыл Алматыда ашылған «DefenseTech» инновациялық орталығы ІТ мамандар мен стартаптарды қорғаныс саласына тартуға жол ашты. Соның нәтижесінде қағазбастылықты азайтып, әскери дайындықты тиімді жүргізуге арналған жаңа жобалар енгізілуде. Соның бірі - «Бес қару» жүйесі.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
«Бес қару» деген осы жылдың наурыз айында енгізілген жоба. Бұл жоба әскердің 80 пайыз жұмысын оңтайландырды. Қазіргі таңда осы жобаны әскерге енгізіп жатырмыз. «Бес қару» әскерде күнделікті жаттығу өткізеді. Бейбіт өмірдегі мақсаты – әскерді дайындау, жаттығуларды өткізу. Көптеген қағаздар, журналдар қолданылып жатыр. Сол қағаздардың бәрін цифрландырдық.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03