Жаңа учаскелік полиция пункті ашылды
Отан қорғаушы күні қарсаңында Астананың Сарайшық ауданында жаңа учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді. Мұндағы тәртіп сақшылары 25 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мекемеде барлығы 7 инспектор жұмыс істейді.
Жаңа полиция пункті «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ашылды. Бұл Сарайшық ауданындағы тоғызыншы құқық қорғау бөлімшесі.
Дипломбек Балташев, Сарайшық ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары:
Бұл аумақта 51 тұрғын үй кешені бар. Маңызды ғимараттардың бірі – «Нұрлы жол» темір жол вокзазы. Сонымен бірге, бұл аумақта қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша күнделікті жұмыс жүргізуде.
Полиция бекетінде жұмыс істейтін тәртіп сақшылары үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.
Әсемгүл Абсадыққызы, Сарайшық аудандық әкімдігінің ресми өкілі:
Бұл полиция пункті 25 мыңнан аса адамға қызмет көрсететін болады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде учаскелік инспекторларға барлық қажетті жағдай жасалған. 200-ге жуық шаршы метрге жуық жерде 2 қызметтік кабинет, холл және санитарлық бөлме орналасқан.
Бөлімше көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Тұрғындардың арыз-шағымы болса, лезде жетеді.
Рабиға Сайлаубекова, қала тұрғыны:
Біздің ауданымыз үшін қуанышты, керемет күн болып жатыр. Бұл әрине, азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауына, дер кезінде қол ұшын созып көмек беруге өте керемет ықпал жасайды. Ашылғанына қуанып тұрмыз. Себебі, басқа учаскелер алыстау болатын.
Пункт күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 22:00-ға жұмыс істейді. Әр инспекторға 3000 адамнан бекітілген. Олар аумақтың тыныштығына ғана емес қауіпсіздігіне де жауапты.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03