Басты Жаңалықтар Петропавл қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Петропавл қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Петропавл қаласында да, Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Шаһар орталығы түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған мерекелік алаңға айналды.
«Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахнада түрік әні шырқалып, өзбек биі орындалды. Театрлық қойылым халық арасындағы достық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Этномәдени бірлестіктер арнайы тігілген киіз үйлер мен көрме алаңдарында өздерінің салт-дәстүрін кеңінен таныстырды. Қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тағамдар көпшілік назарына ұсынылып, қонақтар ұлттық мәдениеттің бай мұрасымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олар өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысып, ынтымақ пен келісімнің нығаюына өз үлестерін қосып отыр.

Ең күшті құндылық ол бірлік. Бірлік – барлық қазақстандықтардың рухын мықты қылатын бір қасиетіміз болсын деп айтқым келеді.
Міне, барлығымыз шығып, осы қуаныштарды бірге бөлісіп жатырмыз. Осы достық, ынтымақтастық ешқашан жоғалмасын.
Мереке құтты болсын, біздің ел тыныш болсын, аман болсын.




Бөлісу