Astana Winner 2026 халықаралық көрмесі өтеді
2-3 мамыр күндері елордада халықаралық иттер көрмесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 350-ден астам ит, итбегілер, ит ұстаушылар және әуесқой кинологтар қатыспақ. Мақсат - Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының қатарына жататын «Қазақ тазысы» ұлттық ит тұқымын сақтау, дамыту және әлемдік деңгейде насихаттау. Мамандардың сөзінше бұл – қазақтың тазысын әлемге танытып, ұлттық брендімізге айналдыруға тағы бір жақсы мүмкіндік. Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданған. Ендігі мақсат тазының санымен қоса сапасын арттыру. Ол үшін Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылады.
Абзал Досыман, «Найза» Ұлттық аңшылық клубының мүшесі, итбегі:
Қазақ тазысы ресми түрде халықаралық реестрге бекітілді деп айтамыз. Соның өзі атауы да айтып тұр «шартты түрде» деп. Оның толыққанды тіркелуі үшін, тағы да Қазақстан алдында Халықаралық киногологиялық орталығының шарттары бар. Сол шарттарының бірі – Қазақстанда тазыға қатысты халықарпалық деңгейдегі шаралардың өтуі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы