Президент Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады. Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастығы талқыланды. Президент Тамаш Яккельге қазақ тазысын халықаралық деңгейде алдын ала тануға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен FCI Бас комитетінің отырысында қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаев тазы мен төбет тұқымдары тек кинология үшін емес, тарихи-мәдени құндылық ретінде маңызды екенін атап өтті. Жүйелі жұмыстардың арқасында бүгінде Қазақстанда 4 мыңға жуық тазы ресми тіркелген.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Құрметті, Яккель мырза, сізді Астана қаласында қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл біздің алғашқы кездесуіміз. Сіздің сапарыңызға ерекше мән беремін және біз қастерлейтін тазы тұқымды итті дамытуға қосқан үлесіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы мәселе төңірегінде пікір алмасу – біз үшін маңызды.Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Биылдан бастап 3 қыркүйек – Қазақы тазы мен төбет күні болып белгіленді. Тамаш Яккель өз кезегінде қазақы ит тұқымдарын дамытуға көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын жеткізді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кинология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:
Былтыр Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде төреші болдым, сонда қазақы тазы тұқымын «World winner» (Әлем чемпионы) атағына лайық деп таптым. Қазақстан кинологтар одағы жасаған ауқымды жұмысты ескерсек, өз шешімімнің дұрыс екеніне күмәнім жоқ. Сонымен қатар Қазақстан Президенті де тазы асырайды екен. Маған Ақорда ауласында орнатылған тазы мүсінін көрсетті. Әрбір асыл тұқымды ит, соның ішінде қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі саналады. Сондықтан тазы арқылы Қазақстанның дүниежүзілік кинология қоғамдастығында өзінің лайықты орнын тапқанына қуаныштымын.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30