Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек ағаш екті
Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек бірмезетте ағаш егіп жатыр. Ауқымды экологиялық акция еліміздің барлық аумағын қамтыған. Дәл қазір осы игі істің басынан, жас өскіндердің қасынан әріптестеріміз де ақпар таратуға дайын тұр. Алдымен елордадағы көгалдандыру жұмыстарына назар салсақ. Ернұр, абаттандыру тек мектеп ауласында ғана жүріп жатыр ма? Түлектердің көңіл күйі қалай?
Ернұр Медет, тілші:
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қайырлы күн, Ернұр! Иә, ерекше акциядан Қарағандыдадағы түлектер де қалыс қалмады. Біз дәл қазір Бауыржан Момышұлы атындағы мектептеміз. Атадан мал қалғанша тал қалсын деген ұлттың ұрпағымыз. Жыл сайын ағаш отырғызу 30 жылдық тарихы бар білім ордасының дәстүріне айналған. Мектеп аумағында арнайы Түлектер аллеясы да бар. Соның арқасында қазір түрлі ағаштар жайқалап, сая болып тұр, мектептің айналасы кішігірім саябаққа айналған. Дәл сол жерде қазір 78 мектеп бітіруші түлек 40-тан аса шырша, қайың және түрлі жеміс ағаштарын отырғызуда. Онымен қоса аулаға 50 түп қазтамақ гүлі де егілді. Алдағы уақытта Таза Қазақстан акциясы аясында тағы 1000 ге жуық гүл егіліп, бұл жерде этногүлзар орын теппек. Ауқымды акция қаламыздағы бірнеше мектепте жалғасын тапты. 3500-ден аса оқушы атсалысып жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды
29.04.2026, 13:12
Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды
29.04.2026, 13:09
Дәрігерлер өңешіне ине тұрып қалған сәбиді аман алып қалды
29.04.2026, 13:06
ОПЕК-ке соққы: БАӘ ұйымнан шығатынын мәлімдеді
29.04.2026, 13:03
Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алды
29.04.2026, 13:00
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді
29.04.2026, 11:27
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49
Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды
29.04.2026, 10:48