Нұр-Сұлтан қаласында қазақтың жас дарыны, «Голос дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максимның жеке концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында қазақтың жас дарыны, «Голос дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максимның жеке концерті өтті

28.06.2019

Дәл қазір  Қазақстан орталық киноконцерт залында қазақтың жас дарыны, "Голос дети" халықаралық жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің жеке концерті өтуде.  Жыл жаңалығы атанған Ержан Максимнің кешінде Сәкен Майғазиев пен Мөлдір Әуелбекова, Ұлықпан Жолдасов секілді  өзге де отандық өнер жұлдыздары ән шырқайды. Жас таланттың тұңғыш концертіне келушілердің қарасы көп.  3,5 мың орындық Қазақстан орталық концерт залы тыңдарманға лық толы. Ержан Максимнің Елордадағы жеке концерті Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Әншінің репертуарында түрлі жанрдағы туындылар шырқалады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу