Нұр-Сұлтанда алғаш рет инновациялық трансформатор желіге қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда алғаш рет инновациялық трансформатор желіге қосылды

28.02.2020

Бүгін электрэнергетика саласында революция жасалды. Нұр-Сұлтан қаласында әлем тарихында алғаш рет электр желісіндегі шығынды 625 есеге азайтатын инновациялық трансформатор желіге қосылды.  

Жаңа транформатордың авторы жас ғалым, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әмір Қуат. 2017 жылы қолға алынған жоба 2018 жылы зертханалық тәжірибеден өткен. Жоба авторының айтуынша, бұл трансформатор электр желісіндегі әдеттегі 28% шығынды 2,1% - ға дейін төмендетеді. Мәселен, желіде жоғалған 28% электр қуатын теңгеге шақсақ, 8 миллиард 400 миллион теңге болады. Желіге қосылған құрылғы 6 ай тестілеуден өтпек.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу