Петропавлда 8 мың тонна қалдықты өңдейді
Петропавлдық зауыт жылына 8 мың тонна тұрмыстық қалдықты қайта өңдейді.
Негізінен қағаз және пластик бұйымдар кәдеге жаратылады. Өндіріс барысында
тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, қайта өңделіп, жаңа өнімге айналады. Соның
нәтижесінде қоқыс көлемі азайып қана қоймай, шикізат пайда болады. Кәсіпорын
негізінен халық тұтынатын тауарларды шығарады. Өнімнің басым бөлігі ішкі
нарықта сатылады. Зауытта жүздеген адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпорын
ұжымы жаңа жобаларды іске асырып,
өндіріс көлемін ұлғайтуды көздейді.
Дмитрий Стешин, зауыт қызметкері:
Пластиктің бірнеше түрін өңдейміз. Жыл сайын көлемі ұлғайып келеді. Қызылжар арнайы экономикалық аймағында тағы бір кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Демек тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші арта түспек.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16