Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
«Halyk» және «Отбасы банк» банк қызметкерлері Есіл
жағасын қоқыстан тазартты. Қалалық әкімдік ұйымдастырған игі іске Қазақ ұлттық
өнер университетінің де студенттері атсалысты.
Сығанақ көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі арақашықтықты
кір-қоқыстан тазарту мақсатында қолдарына тырма алып, қаптарын түгендеп 350
адам Есіл жағасына шықты.
Райымбек Нысанбаев, қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік және инвестициялар
басқармасының бас маманы:
Бұл сенбілік «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатыр. Алдыңғы аптадан бері жалғасып жатыр. Банк өкілдерімен бірігіп, қаланың тазалығына үлкен үлес қосып жатырмыз.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, «Halyk» және «Отбасы банк», сондай-ақ Қазақ
ұлттық өнер университетінің студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына
қатысуға ниет білдіріп, арнайы аумақты белгілеп беруін сұраған. Бүгін олар бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жағалауды қурап, қар астында жатып шіріген
шөп, жапырақ және пластиктерден арылтты.
Жанар Рахымова, «Halyk Bank» АҚ Астана
өңірлік филиалының директоры:
Бәріміз астаналық болған соң қаламызды өте жақсы көреміз. Осы бәріміз жиналып, бүгін қаламызды тазалауға келдік.
Абылайхан Айыпов, Сарайшық ауданы әкімдігі тнфрақұрылым бөлімінің бас
маманы:
Есіл жағалауында күнделікті адамдар қыдырады. Қыдырғанда барлығымыз таза жүргенді қалаймыз. Бірақ, барлығы емес, шашатындар бар. Осыны біз тазалап, қолға алып жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.
Бүгін қаланың барлық аудандарында сенбіліктер өтіп жатыр. Жиналған 350 адам
келер аптада шаһар аумағында ағаш егуді көздеп отыр. Мақсат – Астананы жақын
болашақта жасыл әрі экологиялық қалаға айналдыру.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза бейсенбі» шарасы тағы да ұйымдастырылды
21.05.2026, 13:30
Жаңатас қаласында спорт кешені ашылды
21.05.2026, 13:27
Шыңғыс хан туралы америкалық бестселлер қазақша шықты
21.05.2026, 13:24
Оралдағы ең көне театр жаңартылды
21.05.2026, 13:21
Балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
21.05.2026, 13:18
Павлодар аймағында өңдеу саласы дамып келеді
21.05.2026, 13:15
3 өңірде ағын су тапшы болуы мүмкін
21.05.2026, 13:12
Аббас Аракчи: Келіссөзге де, соғысқа да дайынбыз
21.05.2026, 13:09