Маусымның 29 күні өтетін Димаш Құдайбергеновтің «Арнау» атты концертіне дайындық өте жоғары деңгейде жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маусымның 29 күні өтетін Димаш Құдайбергеновтің «Арнау» атты концертіне дайындық өте жоғары деңгейде жүргізілді

28.06.2019

Маусымның 29-ы күні өтетін Димаш Құдайбергеновтың «Арнау» атты концертіне дайындық өте жоғары деңгейде жүргізілді. «Астана-арена» алаңында  болатын  шоуда көрермендерді көптеген тосын сый күтіп тұр»,- дейді ғажайып дауыс иесі. Әзірге оның барлығы құпия сақталуда. Жаһандық деңгейдегі жұлдызға айналып келе жатқан жерлесімізге еліміздегі ең ірі компаниялар қолдау көрсетуде. Олардың қатарында, «Kcell», «Эйр Астана», сынды серіктестерді атап айтуға болады.

Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты концертін абыроймен өткізуге ең мықты мамандар тартылған. Бас-аяғы 300-ден астам еңбек етуде. Сахнаны безендіру, жарық қою, акустика, хореография, сценарий, музыкалық сүйемелдеу, таспалау.  Қажеттіліктің барлығы инновациялық шешімдерге негізделген. Әншінің өзі ғажайып шоуға тас-түйін дайын.

 

Димаш Құдайберген, әнші:

 

Жаңа әндер көп болады. Сонымен қатар әрбір қойылым бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болады әрбір әнге ерекше қойылымдар жасалды. Оның бәрін айтып керек емес өйткені концертте жаңалық болмай қалып жүрер.

 

Димаштың концертіне еліміздегі ең ірі компаниялар серіктес болды. Олардың қатарында «Forte Bank» және абоненттер саны 8 миллионнан асатын «Kcell» компаниясы айрықша қолдау білдіруде.   

 

Ермек Смағұлов, «Kcell» компаниясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жетекшісі:

 

Мен үшін «Kcell» компаниясының атынан Димашты концерт алдында қарсы алып сәттілік тілеу үлкен құрмет!  Біз Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторы ретінде ерекше сандық және мультимедиялық шешімдер қолданылатын «Арнау» атты шоудың серіктесі болуға қуаныштымыз. Бұл керемет концерт болатынына сеніміміз мол. Біздің қызметкерлер Димаштың талантына тәнті.

 

Димаштың «Арнау» атты концертін тамашалуға әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер келіп жатыр. «Астана аренаға» келген барша тыңдарман үшін таңғажайып шоу болмақ. Тосын сыйға толы. Жаңа әндер және өнер көрсететін жұлдызды қонақтар. Бірақ, олардың нақты кім екені әзірге құпия.

 

Ербол Мәндібек

 

Хабарламаларға жазылу