Жас ғалымдар қазақ тілін ғылым тіліне айналдырғысы келеді
Жас ғалымдар қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруды көздейді. Олар ана тілімізде ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырып, дамытуға ерекше мән беріп отыр. Бүгін Астанада Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Жас ғалым» атты VIII республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өтті. Жиынға еліміздің 25 жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент, магистрант және докторант қатысты. Қатысушылар қазақ тіл білімі, әдебиеттану, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық және медициналық ғылымдар бағытында ғылыми жұмыстарын таныстырды.
Юлай Шамиольоглу, Назарбаев университеті қазақ тілі және түркітану кафедрасының
меңгерушісі, профессор:
Біздің мақсатымыз – қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуын қолдау. Сол үшін біз оқушылар мен студенттерге үлгі боларлық ғалымдарды шақырамыз. Көптеген жастар өз зерттеулерін қазақ тілінде еркін жеткізе алмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз қазақ тілінде ғылым туралы сөйлеуді насихаттайтын осындай конференцияларды ұйымдастырып келеміз.
Жұлдыз Қараматдинова, Назарбаев университетінің студенті, ғалым:
Қазіргі таңда ғылыми материалдардың басым бөлігі ағылшын тілінде. Ал қазақ тіліндегі ғылыми контент әлі де жеткіліксіз. Біз осы жоба арқылы оның дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06